Назад к списку

Ақтөбеде “Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы аясында “Ситуациялық орталық” қызметі іске қосылды

Жаңа жүйеде тұрғындарға арналған портал, мобильді қосымша, Telegram Bot, 109 қызмет операторларының платформасы, сараптамалық платформа сынды бірнеше қызмет түрлері атқарылады. Соның ішінде бүгін "109-Aqtobe" қызметінің таныстырылымы өтті.

Облыс әкімі Оңдасын Оразалин жаңа жобаның жұмысымен көрді. 24/7 режимінде байланыста болатын "109-Aqtobe" қызметі арқылы бұдан былай қала тұрғындары өздерін жиі мазалайтын коммуналдық қызмет көрсету сервистері, абаттандыру мен қауіпсіздікке жауап беретін қызметтер т.б. сұрақтар бойынша хабарласып, мәселелердің шешілуіне мүмкіндік алмақ.Айтып өтейік, қазіргі уақытта көп қабатты үйлерде "ақылды есептегіштерді" орнату, люктерді цифрландыру арқылы түгендеу жұмыстары жүргізілуде.

Ақпараттық жүйеде онлайн режимінде люктердің жағдайын бақылауға болады.Сондай-ақ, қала бойынша бағдаршамдарды диспетчерлеу жүйесі жұмыс істейді. Қазіргі уақытта 17 бағдаршамды цифрландыру бойынша жұмыс жүргізілді. 2021 жылы бұл жалғасатын болады.Оңдасын Оразалин Ақтөбе қаласының әкімі Асхат Шахаровқа қызметтің жұмысын бақылауды, тұрғындардың өтініштеріне жедел ден қоюды тапсырды.  

© WAVIoT ASIA 2016-2020
 ­­Системы автоматического удаленного сбора показаний приборов учета и диспетчеризации ЖКХ
Пользовательское соглашение | Политика конфиденциальности | О Cookies