AQUA су есептеуіші СТ-KZ сертификатын алды

02/01/2022
AQUA су есептеуіші СТ-KZ сертификатын алды

Вавиот Азия компаниясы Қазақстанда кіріктірілген радиомодулі бар суды есепке алу аспаптарының өндірісін жолға қойды және CT-KZ сертификатын алды, сол арқылы осындай аспаптарды алғашқы отандық өндіруші болып отыр.

Бүгінгі таңда қашықтан көрсеткіштер жинайтын 350 000-нан астам есептеуіш Қазақстанның барлық өңірлерінде орнатылған. Вавиот Азия есепке алу аспаптары өзін тұтынуды бақылауға және ең бастысы ресурстарды барынша ұқыпты бөлуге көмектесетін шешімдер ретінде танытты.

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗІМІНЕ